Жаңалықтар

Еліміздің ең сұлу аруы кітап оқымайтынын шатасып айтқан

Биыл Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Әлия Мергенбаева кітап оқыған болып шықты. Ол «Қазақстан аруы – 2015» байқауының финалында жалпақ жұртқа кітаптың бетін ашпадым деп жар салған еді деп хабарлайды КТК арнасы.

“Шынымды айтайын, мен жалпы кітап оқыған жоқпын. Кітап оқымасам да, телефоннан, интернеттен бір қызықты оқиғаларды оқығанды ұнатамын”, – деген еді ару.

Әлия сахнада қобалжып, өз ойын толық жеткізе алмағанын айтады. 17 жастағы Маңғыстау туризм колледжінің студенті білім ордасының бағдарламасындағы әдебиет, тарих секілді оқулықтарды оқиды екен. Анасына бауырларын бағуға көмектескендіктен, өзге кітаптарды ізденіп оқуға қолым тие бермейді деп ағынан жарылды.

Қазақстан аруы байқаудан ұтып алған 5 миллион теңгені де бастапқыда шешесіне бермек болыпты. Алайда екеуі келісе отырып, оның 1 миллионын қайырымдылық қорларына жұмсауды жөн көрген. Әлия әлеуметтік желілерде көп қойылған «жүлдені сатып алған шығар?» деген сұраққа қатысты да ойын айтты.

“Мүмкін мен қазылар алқасына ұнаған болған шығармын, өзімді жақсы көрсетіп. «Қазақстан аруы» байқауынан кейін көп заттар өзгерді. Мені тани бастады”, – дейді Қазақстанның 2015 жылғы аруы Әлия Мергенбаева

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 068 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

669 рет оқылды19.01.2016
SBB_15421

Динара Сұлтан: Балаларым қазақша оқып, қазақ мектебін бітірсе екен деймін

1 393 рет оқылды19.01.2016
photo_83342

Моңғолиядағы қазақ баласы бокстан қарсыластарын бет қаратпады

114 рет оқылды19.01.2016
3G4dKjcBSjA

Қайрат Нұртас пен Ғаділбек армян әндеріне көз тіге бастады

479 рет оқылды19.01.2016
jX2_VIj5TdU

Нұрғиса Тілендиевтің қызына қатысты тағы да шу шықты

1 411 рет оқылды19.01.2016