Гостиницы в Алматы
2016-12-20 11:51:59 29 0

Қытайдың Алтай аймағында тұратын қазақ, 22 жастағы кәсіпқой боксшы Бейсенбі Нәсиоллаұлы 12 кездесуінде қарсыласынан басым түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Супер жеңіл салмақ дәрежесі бойынша (WBA) Қытай чемпионы белбеуін қорғап қалды. Қытайдың Ханчжоу қаласында болған кездесуде Бейсенбі Насиоллаұлы жаңазеландиялық Лэки Маканы 10 раундтық айқаста 99:92,98:92,98:92 есебімен жеңді.

Оны қытайлық журналистер Геннадий Головкиннің ізбасары деп "OneG" атаған. Бейсенбі Насиоллаұлы кәсіби рингте 12 кездесу өткізіп, 11 жекпе-жекте жеңіске жеткен және біреуінде тең нәтиже көрсеткен. Ал бұл кездесу оның 2016 жылы өткізіп отырған 5 жекпе-жегі.

"Бұл менің алғашқы рет ересектер арасындағы айқасқа шығуым, Қарсыласым әлі жеңіліп көрмеген тәжирбелі боксшы. Бұл менің екінші рет Қытай чемпионы атағын қорғауым. Енді Азия құрлығының атағына талпынатын жоспарым бар. Қазақ елінің 25 жасқа толып отырған қуанышты күнінде жеңіске жеткенімді мақтан тұтамын және бұл жеңісімді алыстағы ағайын атынан Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына арнағым келеді", - деді OneG.

Бейсенбі Насиоллаұлы бұған дейін WBC нұсқасы бойынша бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) және WBA бойынша Қытай чемпионы атанған болатын.

 

Пікір жазу