Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова күйеуін “шалға” теңегендерге жауап қайтарды

Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде сүйіктісіне тіл тигізгендерге бас салды. Тыңдармандарынан мұндайды күтпеген әнші жазылушыларға тиылуды ескертті.

“Арыстан менен бір жас үлкен. Жолдасым 1985 жылғы ал мен 1986 жылғымын. Басқа-басқа, мен сүйіктіме сөз тигізбеймін! Тиылыңыздар! Қара тізім ашық деп жариялаймын!”, – деп жазды Әуелбекова жеке парақшасында.

Бірақ Әуелбекованың сүйіктісін “тазша балаға” теңеп, “шал” деп есептейтіндер еш тиылар емес.

“Мөлдір, кешірерсің, бірақ осы жігіттен басқа жігіт құрып қалды ма? Түрі де онша емес, шашы да жоқ, семіз. Өзің сұлусың, айдай көркің бар, не болса да бақытты бол енді”, – дейді жанкүйерлер.

Әншіні жақтап, жұбайлық өмірде бақыт тілеген халықтың дені Мөлдірдің таңдауы жақсы екенін айтады.

Кейбір жазылушылардың пікірінше, еркектің түрі маймылдан сəл əдемірек болса болғаны, ең маңыздысы оның мінезі, ары қарай əйелі мен балаларын бұл өмірде сыйлап, жақсы көріп, қадірлеп, асырап, бар жағдайын істеп отырғаны керек.

“Түрі жоқ деп айтуға ұят емес пе екен, ешнəрсесі жоқ, сүйкімді жігіт. Ең маңыздысы – халқымыздың ерке қызы бақытты болсын. Ол бақытты болса халқын керемет əндерімен тербетеді”, – деп сөз таластыруда ғаламтор қолданушылары бір-бірімен.

“Өзіме Мөлдірдің жұбайы ұнады. Көргенде бірден қазақтың нағыз батырлары елестеді. Нағыз азамат екені байқалып тұр. Жас жұбайлардың бақытты болуына тілектеспіз”, – дейді кей жанкүйерлер.

Ақпарат: www.nur.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

12269868_1088434971168815_2091819643_n

Баян Есентаеваның қызы: Біздер ұлт ретінде жалған намысқа берілеміз

153 рет оқылды18.12.2015
12357793_1649332912008161_555259874_n

«Астана» клубының футболшысы Рохер Каньяс ұлды болды

38 рет оқылды18.12.2015
wer_vertritt_unser_land_in_stockholm_span12

Қазақстан 2016 жылдан бастап «Eurovision» ән байқауына қатыса алады

33 рет оқылды18.12.2015
photo_23017

Регина Вандышева «Әлем аруы-2015″ байқауы алдында әсерімен бөлісті

54 рет оқылды18.12.2015
DSC_2225 (2)

Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртасқа арнап өлең шығарды

168 рет оқылды18.12.2015
hnvewkbi.i3bkipyat-com028

MC SAILAUBEK x ШYNGYS x БӘКЕ — Азат Елдің Ұлдары

140 рет оқылды18.12.2015