Бәсекенің алғашқы күні ерлердің арасында өткен 90 келі салмаққа дейінгі белдесуде ақмолалық Денис Егоров қолға медалға қол жеткізді. Ал, келесі күні 68 салмаққа дейінгі ерлер арасында Аслан Зейноллаев күміс жүлдені місе тұтты.
«Осындай байрақты жарыста ел намысын қорғағаным өзімді бақытты санаймын. Ендігі жаттығуымды Қазақстан чемпионатына арнаймын», дейді Аслан Зейноллаев.
Айта кетейік, спорттық және әскери самбодан Азия чемпионаты Атырау қаласында өтті. Оған Қазақстаннан басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Моңғолия, Тәжікстан, Үндістан, Малайзия, Иран және Оңтүстік Корея елдерінен келген 250 самбошы қатысты. Жалпы, командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші, Тәжікстан екінші және Өзбекстан үшінші орынды иеленді.
Ақпарат: www.inform.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS