Жаңалықтар

«Қазақстан аруы-2015″ Назарбаевпен биі жайлы айтып берді

«Қазақстан аруы-2015″ Әлия Мергенбаева Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанадағы жаңажылдық кеште билегені жайлы айтып берді, — деп хабарлайды «Лада».

Әлия Мергенбаеваның айтуынша, ол Мемлекет басшысымен билеймін деп ешқашан ойламапты. Қыз биге екі күн бойы дайындалғанын айтты. «Билеп жатқанымызда Нұрсұлтан Әбішұлы отбасым мен оқуым жайлы сұрастырды. Конкурста жеңіп шыққаныма құттықтап, сәттілік тіледі. Түс көріп жатқандай болдым. Бала кезімде дәл осылай болады деп ойламаған да едім», — дейді «Қазақстан аруы-2015″.

Мергенбаева оқуын тастамайтынын, соңына дейін оқып бітіретінін айтты. Алайда оған Астана мен Алматыдан түрлі фотосессияларға, бағдарламаларға қатысуға шақыртулар келеді екен. «Оқу кезінде басқа қалаларға қажеттілігі туындап жатқанда баратын шығармын, бірақ мен оқуымды тастамаймын. Мен білім алып, дипломымды алғым келеді», — деді Мергенбаева.


Ақпарат: tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 160 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

732 рет оқылды19.01.2016
SBB_15421

Динара Сұлтан: Балаларым қазақша оқып, қазақ мектебін бітірсе екен деймін

1 537 рет оқылды19.01.2016
photo_83342

Моңғолиядағы қазақ баласы бокстан қарсыластарын бет қаратпады

121 рет оқылды19.01.2016
3G4dKjcBSjA

Қайрат Нұртас пен Ғаділбек армян әндеріне көз тіге бастады

508 рет оқылды19.01.2016
jX2_VIj5TdU

Нұрғиса Тілендиевтің қызына қатысты тағы да шу шықты

1 488 рет оқылды19.01.2016