Жол талғамайтын автомобильдер жарысында Қанат Шағыров 7-кезеңнен кейін көш бастады.
Қазақстандық шабандоз арнайы учаскенің мәресінде екінші және үшінші орындарға шыққан Жереми Шуасо мен ресейлік Антон Григоровты басып озды, деп хабарлады motorsport.com.
«Мавританиядағы Africa Eco Race раллиінің 7-ші арнайы учаскесінен кейін Қанат Шағыров көшбасшылығын нығайта түсті. Оның экипажы аралық учаскеде жүк машиналары, мотоциклдер, суперпродакшен және т.б. арасында абсолюттік бірінші орынға шықты!!!», — деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында Mobilexracing командасы.
Шағыров автомобильдер арасында көшбасшылықты сақтай отырып, ең жақын бәсекелесін 54 минутқа кейінге қалдырды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Қанат Шағыров пен Виталий Евтеховтың экипажы 7-кезеңдегі сөзсіз көшбасшы. Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмичтің экипажы өкінішке орай бір саты төмен түсіп, жалпы есепте 7-орынға шықты. Құттықтаймыз!!! Жарыс әлі аяқталған жоқ, қалған шабандоздарымызды күтеміз!», — деп жазды команда Фейсбукте.



Ақпарат: ҚазАқпарат


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS