Жаңалықтар

Баян Есентаеваның қыздары жігіт туралы көзқарастарымен бөлісті

Продюсер Баян Есентаеваның қыздары Айсәуле мен Айару Бақытбек оқырмандарға өзара қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Апалы-сіңлілі қыздар әңгіме арасында жігіт туралы көзқарасымен де бөлісе отырды, деп жазады BaiStars.kz Comode.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір Айсәуле жиырмаға келген бойжеткен қыз болса, Айару он екі жастағы жеткіншек. Дегенмен, қос құрбыдай болып кеткен бауырлар бір-бірімен сырласқанды ұнатады екен.

“Екеуміз апалы-сіңлілі ғана емес, жақын құрбыдаймыз. Айару маған тіпті қандай ұлдарды ұнататынын айтып отырады. Оның жасы небәрі он екіде. Жігітке әлі ерте”, – дейді Айсәуле Айаруға ескертіп.

Әпкесіне бар сырын айтпайтынын меңзеген Айару үйдегілердің көп нәрсені білмейтінін атап өтті. Есентаеваның кіші қызы құпиясын мектептегі алты құрбысымен бөліскенді қалайтын көрінеді.

Айсәуле сіңлісінің өсіп қалғанын киімдерін “иемденіп” алған кезде байқағанын айтады.

“Бір жолы жаңадан джинсы мен футболка сатып алдым. Ертеңіне қарасам, Айару менің жаңа киімдерімді киіп, серуендеуге шығып барады екен. Айарудың есейіп қалғанын сол сәтте сездім”, – дейді Айсәуле.

Сондай-ақ, Айсәуле сіңлісінің бір ренжісе, сөйлемей қоятын бірбеткей мінезін де айтып өтті. Бірде туыс ағасы Арланмен сөзге келіп қалған Айару онымен тоғыз ай тілдеспеген.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

261 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

347 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

724 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 581 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

969 рет оқылды19.01.2016
SBB_15421

Динара Сұлтан: Балаларым қазақша оқып, қазақ мектебін бітірсе екен деймін

2 012 рет оқылды19.01.2016