Жаңалықтар

Қанат Шағыров «Африка» раллиінің 7-кезеңінен кейін тағы да алға шықты (ФОТО)

Жол талғамайтын автомобильдер жарысында Қанат Шағыров 7-кезеңнен кейін көш бастады.

Қазақстандық шабандоз арнайы учаскенің мәресінде екінші және үшінші орындарға шыққан Жереми Шуасо мен ресейлік Антон Григоровты басып озды, деп хабарлады  motorsport.com.

«Мавританиядағы Africa Eco Race раллиінің 7-ші арнайы учаскесінен кейін Қанат Шағыров көшбасшылығын нығайта түсті. Оның экипажы аралық учаскеде жүк машиналары, мотоциклдер, суперпродакшен және т.б. арасында абсолюттік бірінші орынға шықты!!!», — деп жазды Фейсбуктегі жеке парақшасында  Mobilexracing командасы.

Шағыров автомобильдер арасында көшбасшылықты сақтай отырып, ең жақын бәсекелесін 54 минутқа кейінге қалдырды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Қанат Шағыров пен Виталий Евтеховтың экипажы 7-кезеңдегі сөзсіз көшбасшы. Юрий Сазонов пен Алексей Кузьмичтің экипажы өкінішке орай бір саты төмен түсіп, жалпы есепте 7-орынға шықты. Құттықтаймыз!!! Жарыс әлі аяқталған жоқ, қалған шабандоздарымызды күтеміз!», — деп жазды команда Фейсбукте.
20160106043014

20160106043019

20160106043023
Ақпарат: ҚазАқпарат

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

js6GyFGS9zM

KeshYou-дің мерейтойлық концертіне Мөлдір Әуелбекова мен Айдана Меденова қатыса ма?

546 рет оқылды20.01.2016
cV7smFgWYL0

Қытайда сұлулық байқауына қатысып жатқан ресейлік бойжеткен Қазақстанның атынан шығатын болды

421 рет оқылды20.01.2016
ass

Әсем Жәкетаева ана болуға дайындалып жүр

530 рет оқылды20.01.2016
GD7SmosV1E4

Қайрат Нұртастың анасы халықты шулатқан видеоға қатысты пікір білдірді

949 рет оқылды20.01.2016
Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 798 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

1 073 рет оқылды19.01.2016