Қарағандылық Саша Реймердің әлемдік деңгейдегі сән апталығына модель ретінде таңдалып алынғандығы жайлы көптеген басылымдар жарыса жазды. Александрды бұл салаға сұлулыққа, әдемі киімдерге құмарлығы жетелеп әкелген екен. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Александрды 2015 жылы Екатеринбург қаласының сән агенттігі интернет арқылы тауып, тесттілік суреттерге түсуге шақырады. Бұл сынақтан жақсы өткен соң Париждегі сән агенттігіне шақырту алған. Бастапқыда бұл ұсынысқа ата-анасы күмәнмен қараған, оларды алаяқ деп болжап, анасы ұлының бармауын өтінген. Бірақ кейін Саша тәуекелге баруға бел буады.

Сұлулық әлемін таңдаған Саша тіпті алып жатқан мамандығын да орта жолдан тастап кеткен. «Өзімнің барынша батыл екенімді айта аламын. Бастапқыда бағдарламалау саласында білім алдым. Ұнамаған соң таңдаған саламды түбегейлі ауыстырдым. Енді жарнама саласында білім алуды жоспарлап жатырмын» — дейді Саша.

Осы уақытқа дейін Саша Милан, Париж, Мадрид, Барселона, Қытай елдеріндегі бірнеше агенттіктермен жұмыс істеп, түрлі сән подиумдарында өнер көрсеткен. Болашақта Токио немесе Сеулді бағындыруды жоспарлап жүр.
Александр қашықта жүрсе де, туған қаласы мен ата-анасын қатты сағынатынын жеткізді.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS