Жаңалықтар

Уәлибек Әбдірайымов ұлының «Жайдарманда» ойнауына қарсы

«Шаншар» әзіл-сықақ театрының негізін қалаушы, актер Уәлибек Әбдірайымов Шымкенттік өнер ұжымдарының ерекшеліктері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Baistars.kz актердің Shymkala.kz порталына берген сұхбатына сілтеме жасап.

«Олардың ерекшелігі (шымкенттік әзіл-сықақ театрларының — авт.) – қазақы қалжыңдарында. Себебі, мұнда әзілді түсінеді. Оңтүстікте 3 миллионға жуық халық тұрса, оның 2,5 миллионы қазақша сөйлейді. Тілдік қор өте жоғары. Сондықтан мұнда театрлардың ашылуы да заңды құбылыс» — дейді актер.

Сонымен қатар, өнерпаз республика бойынша әзілдің Отаны — Шымкент болғандықтан, «Әзіл әлемі» халықаралық фестивалін әу баста дәл осы қалада өткізуді ұйғарған. Уәлибек Әбдірайымовтың бастауымен өтетін бұл фестивальге осыған дейін Ресейден, Армениядан, Қарақалпақстаннан, Қырғызстаннан әзілкештер қатысқан екен. Фестивальдің мақсаты – қазақтың әзілін, қалжыңын әлемдік деңгейге шығару.

Актер соңғы кездері фильм және театр көріністерінде ер адамның әйел болып киіну үрдісіне де өз пікірін білдірді: «Актер өз ыңғайына келген рөлді сомдайды. Мысалы, Жүсіпке батырдың рөлін берсем, бәрі жабылып қарсылық білдірер еді. Адамның бәрі де батырдың рөлін ойнай берсе, болмайды ғой. Станиславский әдісі деген бар, қандай рөл сомдаса да, шеберлігіне қарай алып шығу керек. Ал жапатармағай әйел боп киініп, сол рөлді ойнағысы келетіндерге айтарым – ойна, егер қолыңнан келсе! Қолыңнан келмесе, оны мазақ етудің қажеті жоқ. Көрерменнің уақытын ұрламаған жөн.»

Сонымен бірге ол, баласының «Жайдарман» сынды КВН ойындарына қатысуына қарсы екенін де жеткізді: «Үшінші балам сахнаға шығып, «Жайдарманға» қатысқысы келген. Бірақ оған көп еңбектену керек. Мен балама кәсіби әртіс болу үшін ізденіс керек, дайындығың болмаса, өнерге келмей-ақ қой, адам ретінде бұзылып кетесің дедім» — дейді актер.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_24156

Футзалдан Испания құрамасының ойыншысы Қазақстанның ойынын ебдейсіз деп атады

49 рет оқылды15.02.2016
photo_172957

Баян Есентаева Астанаға қоныс аударады

532 рет оқылды15.02.2016
14554560851797

Мақпал Жүнісова ғаламтордағы өзі түскен атышулы видеоларға түсінік берді

838 рет оқылды15.02.2016
8245454

Сабина келін егізіне сүйікті халатын сыйлаудан бас тартты

559 рет оқылды15.02.2016
fgfg

Арман Дәулетияровтың төртінші сәбиі дүниеге келді

397 рет оқылды15.02.2016
IMG_8413

Баян Есентаева «Startup «Bolashak» жобасын қолдайды

186 рет оқылды15.02.2016