Гостиницы в Алматы
2017-05-25 16:07:21 115 0

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингінде отандасымыз көш басына шықты.

Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікке Франция елінің боксшысы Закария Аттоу енген. Бұл салмақта чемпиондық атаққа ие боксшы - италиялық Орландо Фиордигиглио. Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз Қанат Ислам WBO Intercontinental және WBA Fedelatin чемпиондық атақтарына ие. 27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес.

Пікір жазу