Ерасыл Əубəкіров – қарға көмілген мәйіт
Анна Шейдер – сүйіктісімен бірге көмілген

X-factor шоуы отандық телеарналарға келгенше қазақстандықтар Superstar.kz музыкалық шоуының жанкүйерлері еді. Жобаның рейтингі өте тамаша болды, ол жобадан Айқын, Алмас Кішкенбаев, Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтеков, Мөлдір Әуелбекова, Әлішер Каримовтар түлеп ұшты.
2005 жылы осы жоба арқылы даусының ерекшелігімен, әдемілігімен Анна Шейдер де халықтың жүрегін жаулап үлгерді. Әдемілігі ару қыздың түбіне жетті. Superstar.kz жобасынан кейін Анна танымал бизнесмен Георгий Барминмен кездесе бастады.
2008 жылдың қыркүйегінде екеуін Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ ұрлап, өлтіріп кетті. Не үшін? Әрине, себеп — ақша. 1,2 млн доллар ақшаларын алған жендеттер Шейдер мен Барминді тұншықтырып өлтіріп, иесіз бір үйдің бақшасына көміп кеткен. Олардың денелерін тек 2009 жылдың 7 қаңтарында дəретхана қазу кезінде тауып алған. Көп уақыт өтпей жендеттер ұсталып, өз жазаларын алды. 2009 жылы 8 қыркүйек күні Дмитрий Костицын мен Сергей Кабринский 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Арлан Әбекеновты (бизнесменнің көлік жүргізушісі) – 23 жылға, Анатолий Афиногенов – 3 жылға бас бостандығынан айырды. Осы қылмысты ұйымдастырушы Владимир Маметьевты тек 2011 жылдың қаңтар айында ұстады.
Гауһар Шарипова мен Мухитдин Шынтаев – театрдағы өлім

Былтырғы жылдың мамыр айында елдің бәрі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының талантты актерлері Гауһар Шарипова мен Мухитдин Шынтаевтың жұмбақ өлімі туралы айтты. Қайтыс болған актерлер ерлі-зайыпты еді. Екеуінің жансыз денесі Алматыдағы жастар театрында табылған болатын. Қылмыстық істерді тергеу кезінде белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар ұрсысып қалған, ұрыстың соңында Мухитдин Гауһарды өлтірген, содан не істеген түсінгенін Мухитдин өз-өзіне қол салған.
Жадыра Әділова – кезекті жанұялық трагедия
Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрының басты актрисасын 2012 жылдың сәуірінде ұрыс кезінде өз күйеуі өлтіріп алды. Алайда, ол Мухитдин Шынтаев сияқты өзіне қол салмады. Өзі істеген ісін мойындап 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ерегес ерлі-зайыптылар қонақтан қайтып келе жатқан кезде жол үстінде басталған. Жадыра Адилова әбден таяқ жегеннен кейін өзін нашар сезінген, қорқып кеткен Бейбіт Әділов әйелін аудандық ауруханаға апарған. Дәрігерлер актрисаға көмек көрсетуге шыққан кезде актриса жан тапсырған. Тергеу кезінде кісі өлтіргіш бәріне кінәлі қызғаныш екенін мойындады. Сондай-ақ, белігілі болғандай ерлі-зайыптылар ажырасып кетсе де бірге тұрып жатқан екен. Жадыра мен Бейбіт Әділовтердің екі баласы қалды.
Талғат Нығматуллин – секта кегі
Танымал актер 1985 жылдың 11 ақпанында қайтыс болған. Оның таутамдығы шыққан денесі суретші Калинаускастың Вильнюсте орналасқан үйінде табылды. Сол жерде Талғат Нығматуллинді 5 адам жабылып ұрған. Бұл қатыгез адам өлтіру факторына Талғат Нығматуллиннің 80-жылдары мүше болған секта ісіне араласудан бас тартқаны себеп болған. Wikipedia ақпараты бойынша, бұл сектаға көптеген танымал журналистер мен жазушылар, суретшілер мүше болған. Сектанттар «Четвёртый путь» атты ілімге құлшылық жасаған. Талғат Нығматуллиннің туыстары үшін танымал актердің ол жерден не іздегенін əлі күнге белгісіз. Актерді сектаға Абай Борубаев кіргізген деген болжам бар.
Белгілі болғандай, 1985 жылдың ақпан айының басында Борубаевтың «мектебінде» шу шығады, бірнеше секта мүшелері сектадан қол үзбекші болады. Мәселені шешуге Абайдың өзі шыққан. Ол өзіне Нығматуллинді шақырып алып, бағынғысы келмегендердің ақшасын «қағып» алуға жұмсайды, бірақ Талғат бұл іске қатысқысы келмеген, сол үшін де актер өмірімен қош айтысқан.
Соңында сот Абай Борубаевты 14 жылға бас бостандығынан айырды. Нығматуллин ісіне қатысы бар тағы бір азамат — Мырза Қымбатбаев 10 жылға сотталды. Ал қалған қатысушылар жеңіл жазамен құтылып кетті.
Борубаев түрмеде туберкулез ауруынан көз жұмса, Қымбатбаев бостандыққа шыққаннан кейін бауыр ауруынан қайтыс болды. Ал Нығматуллинның денесін өртеуге тура келген, себебі денесі әбден бұзылған. Актердің артында жары Венера мен қызы Линда қалды.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS