Гостиницы в Алматы
2016-09-10 16:24:12 323 0

Рио Олимпидасының дзюдо спорты бойынша күміс жүлдергері қазақстандық Елдос Сметов өзіне қалыңдық іздеуде. Бұл туралы инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

Алайда осыдан бірнеше ай бұрын Елдостың шаңырақ көтергені жайлы жаңалық шыққан еді.

Сонымен қатар, Мұхамеджан Тазабек инстаграмдағы өз парақшасында "Дзюдодан әлем чемпионы, еліміздің мақтанышы Елдос Сметов бауырымыздың үйлену тойындамыз. Ерлі-зайыптыларға Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!" деп жазған болатын.

Күні кеше ғана Елдос Сметов өзінің инстаграм парақшасында "Сен не менікі боласың, не менің балаларымның анасы боласың, не біздің үйдің келіні боласың! Таңда!" деген мәтіні бар қыз бен жігіт бейнеленген суретті жариялады.

Суретпен қоса мынадай сөздерді де жазды:

— Ассаламұғалейкум, құрметті бауырлар! Бүгінгі қасиетті жұма күніміз қабыл болсын. Иншаллах, әрбір жасаған ізгі амалдарыңызды Аллахым қабыл етсін, әмин! Осы суреттегі сөзге лайық болар қандай жан бар екен?! - дейді Елдос өз парақшасында.

Пікір жазу