Фильмдегі оқиға желісі 1941 жылдың күз айларында өрбейді. 316-атқыштар дивизиясы Мәскеу қаласын неміс басқыншыларынан қалай аман алып қалғандығы көрсетілген. Фильм жазушы Александр Бектің "Волоколамское шоссе" атты кітабындағы деректер бойынша түсірілген.
Басты рөлдерді Амаду Мамадаков, Александр Устюгов, Дмитрий Гирев, Алексей Лонгин, Яков Кучеревский сынды актерлер сомдаған. Фильмдегі қысқы көріністер Санк-Петербург қаласында түсірілсе, ең соңғы кадрларда Алматыдағы "28 панфиловшылар" паркі бейнеленген.
"28 панфиловшылар" краундфандинг арқылы түсірілген тұңғыш фильмдердің бірі. Краундфандингтің арқасында 34 мың адам 34 млн рубль қаржы аударған. Фильм авторлары уәде еткендей, ақша аударған барша адамдардың есімін соңғы титрде көрсетті.
Қазақстан фильм бюджетіне 80 млн теңге қосқан.