Алдыңғы жаңалықтарда Жеңісхан Төре мен Нұрлан Қоянбаяев бірге комедия жанрындағы «Бизнес по казахски» атты жаңа фильм түсіріп жатқандығын айтқан болатынбыз. Оның түсірілімі күні кеше аяқталды. Осыған орай барлығы бас қосып тойлады.
Бір жарым ай бойы таспаланған фильм қараша айында жарық көреді дейді режиссер Жеңісхан Төре. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш туындыдаГүлнәз Жоланова, Жан Байжанбаев, Құралай Анарбекова, Әбунасыр Серіков, Макс Акбаров және де фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев та төбе көрсетеді. Сондай-ақ, үнді актері Сиддхартх Шуклаға да рөл бұйырған болатын. Ендеше, өмірімізді ұзартатын фильмді асыға күтеміз.
Ақпарат: GakkuTV