Гостиницы в Алматы
2016-05-08 17:30:50 215 1

11 мамыр күні сағат 17:00 Шымкент қаласы, Оңтүстік Цирк ғимаратында ақын Құрманай Бахтиярқызының "Жаса Шымкент" атты авторлық кеші өтеді деп хабарлайды baistars.kz.

"Толғанай", "Алматының түндері-ай", "Қайтесің жаным өзгені" және т.б. осы сынды бірнеше хит әндердің өлеңін жазған Құрманай Бахтиярқызы бұл кеште қазақ эстрадасына танымал өнерпаздардың басын қосып, оңтүстіктік көрерменге ерекше кеш сыйламақ. Концертте Нұртас Айдарбеков, Ақылбек Жеменей, Мәдина Садуақасова, Қайрат Нұртас, Жанар Айжанова, Ақбота Керімбекова, Әлішер Каримов, Бағым Мухитденова, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Әлімжан, Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Кушкалиев, ННБек тобы және басқалар өнер көрсетпек. Кеш Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Пікірлер

  • Кешіңіз өте жақсы деңгейде өтсін!!! Қазақтың батыр.өжет кызы

Пікір жазу