Гостиницы в Алматы
2014-11-08 13:34:20 600 0

 

KF: Даулет, ең алдымен өзіңді таныстырып өтсең...

Дәулет Туменов: 1997 жылы Ақтөбе қаласында дүние есігін аштым. Осы өңірде есейіп, өнердегі алғашқы қадамымды жасадым. Ал қазір Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің екінші курс студентімін.

KF: Жақында Turkvizyon байқауында бағыңды сынаған екенсің?

Дәулет Туменов: Turkvizyon байқауының жартылай финалынан қайттым. Финалға өтпеуімнің себебі орындаған әнімнің форматы дұрыс келмеді. Мен «регги» стилінде ән шырқаған болатынмын, ал байқауға тек этно-стильді қазақша әндер ғана таңдалып алынды.

KF: Жақында алғашқы бейнебаяныңның тұсауы кесілді, құттықтаймыз! Бейнебаянды Қазақстанда түсірдіңдер  ме?

Дәулет Туменов: «Аяулым» өлеңіне түсірілген менің тырнақ алды туындым. Кино, бейнебаян түсіру индустриясы біздің елде қарқынды дамып келе жатқанына мен дән ризамын. Сондықтан да шетел аспай, өз елімізде түсіруге бел будық. «Аяулым»-ды түсірген елімізге танымал жас режиссер Ален Ниязбеков болды.

KF: Бейнебаянның сюжеті жайлы айтып берсең...

Дәулет Туменов: Бейнебаян қазіргі жастардың немқұрайлығының асқынып бара жатқанын көрсетеді. Егер клипті көрген болсаңыз, ондағы жаңбыр астында кетіп бара жатқан қызды ешкім елемейді. Тек менің кейіпкерім жалғыз аруды көріп, жаны ашып, үйіне алып келеді. Режиссердің ойындағы басты кейіпкер жаны нәзік, суретшінің образы болатын. Сол суретшінің образын мен сомдадым. Сюжет бойынша мен сұлу аруға ғашық болып, екеуіміз шынайы достасып кетеміз. Кейіннен ол тек жай ғана түсім екенін аңғарамын. Ал ғашық болған аруым аспаннан түскен періште болып шығады.

KF: Ғашығыңның рөлін сомдаған бойжеткенді қайдан таптыңдар, кастинг өткізіңдер ме?

Дәулет Туменов: Алматыдағы EAT MODELS модельдік агенттігінде кастинг өткіздік. Басты кейіпкерді өзім таңдадым. Тіпті, кейбір таныстарым осы сұлу қызды көру үшін ғана бейнебаянды бірнеше рет қайталап көргендіктерін айтты.

 KF: Алға қойған мақсаттарың қандай?

Дәулет Туменов: Қазақ елін әлемге таныту! Қазақстан эстрадасын той бизнесінен арылтып, шоу бизнеске айналдыру. Қазақ сахнасына жаңа, заманауи музыкалық үрдіс алып келу!

 

Пікір жазу