Гостиницы в Алматы
2017-06-29 17:22:45 139 0

ЕЛОРДАДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА "ҚЫЗ ЖІБЕК" ОПЕРАСЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ұлттық музыкалық өнер жауһары Евгений Брусиловскийдің тұңғыш қазақша "Қыз Жібек" операсын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, "Қазақ әуендері" АҚ және "Астана Опера" мемлекеттік театры ашық аспан астында ұсынатын болады. Бұл жайында tengrinews.kz мәлімдеді.

Спектакль Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда 5 шілде өтеді. Спектакль ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасына енгізілген. Қайғылы махаббат туралы аңыздың жыр жолдарында көшпелі қазақтардың рухани өмірі, олардың ой-қиялдары мен арман-мүдделері бейнеленген. "Спектакльдің ашық кеңістіктегі жанры жаңа режиссерлік мүмкіндіктерге жол ашады. Виктор Караренің басшылығымен театрдың техникалық қызметі аса зор жұмысты жүзеге асырды. Open air көрермен қауымға мүлде жаңа әсер сыйлайды. Спектакль ерекше көріністігі арқасында шоу кейпіне енеді.

Қоюшы-дирижер Абзал Мұхитдинов музыкалық материалмен ауқымды жұмыс атқарды. Бірақ біз барынша қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзенің идеясын сақтауға тырыстық", -  деп атап өтті ашық аспан астындағы спектакльдің режиссері Еренбек Тойкенов. Айта кетейік, спектакльдің қоюшы-дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы-суретшілер - Софья Тасмағамбетова/Павел Драгунов, хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Даутов, қоюшы-балетмейстер - Мукарам Авахри, проекциялар бойынша суретші - Павел Суворов (Ресей), жарық бойынша қоюшы - Сергей Шевченок (Ресей). Кеңесші  - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы (PhD) Асхат Маемиров.

 

Пікір жазу