Болгарияда өткен Prince&Princess of the World халықаралық фестиваліне әлемнің 15 елінен 55 бала қатысты. Байқауда еліміздің намысын алты жасар ақтаулық Аянат Дәулеталина қорғады. Бұл жайында baq.kz хабарлады.
6 жасар қазақ қызы сұлулық және талант байқауында топ жарып, гран-при жеңіп алды.
«Фестивальге ұзақ дайындалдық. Қазақстан атынан қатысып отырған соң, қатты қобалжығанымыз рас. Кейбір елден бір емес, бірнеше қыз қатысқанына қарамастан, Аянат біздің үмітімізді ақтап, гран-при жеңіп алды», - дейді Di school модельдер мектебінің басшысы Диляра Турина.
Фестиваль тура бір аптаға созылған.
Айта кетейік, Prince&Princess of the World фестивалі Болгарияда алтыншы рет өтіп отыр.