Гостиницы в Алматы
2017-10-30 16:43:56 60 0

Қазақ қызының шеберлік концертіне Латын Америкасындағы ең ірі мемлекеттің сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысқан. Отандасымыз елдің бас университетінің өнер институтында жергілікті студенттерге домбыраны таныстырып, қазақ музыка өнерінің қалыптасу тарихы жайлы баяндап берді. Артынша Айгүл Қосанова ұлттық аспапта ойнап, бразилиялықтарды өнерімен тәнті еткен. Жергілікті жұрт мұндай шараның көп пайдасы барын айтады. Өйткені ол қазақтың музыка өнерімен етене танысып, қос мемлекет арасындағы мәдени диалогты нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Айгүл ханым  «TV-Supren»телеарнасында, танымал тележүргізушімен сұхбаттасып, эфирде домбырамен ән орындаса, келесі күні Халықаралық «Turksoy» ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған  үлкен концертте Қазақстан, Түркия, Азербайжан елдерінен келген танымал өнер жұлдыздарымен өнер көрсеткен.

«Бразилия еліне келген кездегі ең алғашқы қадамымыз  біздің Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында болып жатқанына өте қуаныштымын. Бағдарламаның аясында "жаһандағы заманауи Қазақстанның мәдениеті" деген үлкен тақырыпта осы біз өзіміздің төл өнерімізді жер-жаһандағы басқа ұлттарға насихаттауды үлкен бір жоба ретінде қарастырудамын»,- дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Айгүл Қосанова.

 

 

Пікір жазу