Гостиницы в Алматы
2017-10-31 17:30:23 13 0

Қазақстандық боксшы қыз Зарина Цолоеваның кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды.

Америкалық әйгілі әртіске ұқсағандықтан оны жұрт «қазақстандық Джоли» деп атап кеткен. Оның жекпе-жегі 2 қарашада АҚШ-тың Луизиана штатындағы Рейне қаласында өтеді. BoxRec мәліметінше, қазақстандық қыздың қарсыласы – 24 жастағы америкалық Селина Барриос. Ол әлі жеңілмеген, екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетсе, біреуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жекпе-жек жеңіл салмақта Civic Center аренасында өтеді. Кездесу форматы үш минуттан төрт раундқа созылады.

 

Пікір жазу