Гостиницы в Алматы
2017-10-26 17:51:14 13 0

"26 қарашада Алматы Аренада ғаламат шоу өтеді - қазақстандық жаңадан ашылған AFC промоушені мен ресейлік Fight Nights компаниясы бірге турнир өткізеді. Кештің басты жекпе-жегінде Қуат "Найман" Хамитов ирландиялық Питер Куиллимен кездеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ирландиялық файтер үздік ондықтағы спортшы, ол әлемдік жұлдыз, ММА спортшысы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі.

Ұйымдыстырушылар 12 мыңдық "Алматы Арена" залын толтыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар бұл турнир спорттағы жаңа серпін болатынын және қазақстандық AFC промоушенін дамытуға жол ашылатынын айтады.  Турнир барысында  70 келіге дейінгі ең үздік файтерлер кездеседі. Осы кеште Fight Nights ұйымының чемпионы Георгий Кичигин мен Магомед Нуров және Жалғас Жұмағұлов пен Шадж Хэк кездеседі. 

 

Пікір жазу