Гостиницы в Алматы
2016-11-23 16:28:54 168 0

Актер Артур Төлепов жақын арада бойдақтық өмірімен қош айтыспақ. Бұл туралы әнші Серік Ибрагимов желідегі парақшасында хабарлады.

«Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылған актер соңғы уақыттары әртүрлі тақырыптағы өлеңдерді жатқа оқып, желіге салып жүр. Жанкүйерлері Артурдың дауыс ырғағының әдемі әрі ерекше екенін айтуда. Бүгінгі видеода Артур «Өмірінде үйленбеген қарттың сыры» атты жас ақын Данияр Жігітбектің өлеңін оқыған.

Өлең мазмұны өмірінде бірде-бір рет үйленбеген, мінсіз әйел іздеген қария туралы әңгімелейді. Қария өзінің ойындағыдай әйелді кездестіргенін, алайда оның да мінсіз ер адамды іздеп жүргенін айтады. Авторы бұл өлең арқылы өмірде мінсіз әйелдің де, ердің де болмайтынын түсіндіргісі келгендей.

Бойдақтарды белгілеңіздер 😊 ақын - @dzhigitbek #артурчитает

Видео опубликовано Artur Tolepov (@arturtolepov)

Пікір жазу