Тыңдармандарының жүрегіне «Қыздар-ай» әнімен жол тауып, кезінде хит шерудің алғашқы сатысынан көрінген «NNBek» тобы өнер әлеміне қайта келді.
Біршама жыл бойы демалып, енді жаңа құрамда қызу жұмысқа кіріскен жігіттердің жоспарларымен таныстық. Ағымдағы жылдың мамыр айында сужаңа альбомдары жарыққа шығады деп жоспарланған. Оған 15 ән кірмек. Келесі жаңалық — жуырда «NNBek-тің», «All Davai» тобымен жазып жатқан жаңа әні тыңдарманға жол тартады. Білетініміз, ән — ырғақты, десек те, авторы мен атауы әзірге құпия.
Көпшіліктің көзінен кеткен топтың жаңа құрамында өзгешелік бар. Алғашқы үштіктен бері келе жатқан Нұрлыбек Пралиев пен бірге, енді Боб Ходжакулов есімді азамат өнер көрсетеді. Сахнада ән орындаумен қатар, гитарамен сүйемелдейді екен. Сонымен қатар, жігіттер, екінші бейнебаянның түсіріліміне кірісіп кеткен. «Алға қойған жоспарларымыз көп. Бұйырса, «All Davai» тобымен бірлесіп, барлық облыстарға гастрольдік сапарға барамыз. Қай қаладан бастарымызды білмей жүрміз»,- дейді топ мүшесі Нұрлыбек.
«NNBek» тобы 1998 жылы құрылған болатын. Содан бері топ мүшелері бірнеше рет ауысты. Өнер әлемінен алыстауының себебі де жоқ емес. Жігіттер өзге салада жұмыс істегендіктен, топқа уақыттары тапшы болған.
Ендігі жерде бар күш жігерлерін жаңа құрамның жандану жұмысына жұмсайтын болады. Халықпен қайта қауышқан «NNВek-тің» жаңа әндерін алдағы уақытта сайтымыздан таба аласыздар.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS