Әнші, композитор Гауһар Әлімбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол 31 арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды 365info.kz.
Бағдарлама барысында Әлімбекова жақында өзінің қалауындағы адамға тұрмысқа шыққанын, алайда тойының әлі болмағанына байланысты бұқара көпшілікке жария етпегенін айтып, қолындағы неке сақинасын көрсетті.
Өзінің болашақ жарын жақсы көретінін әнші 1 наурыздағы кездесуінен кейін түсінген. Гауһар Әлімбекова — өз әндерінің орындаушысы.
Оның «Ақ келін», «Келінге өсиет», «Қыз сезімі», «Жазығым не?» тағы басқа көптеген әндері халықтың көңілінен шықты.
Өткен жылы танымал әнші Гауһар Әлімбековаға Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыны — Алмабек Ташметов есімді азамат әйелі ауыр дерттен көз жұмғанын, жалғыздықтан жабыққан соң, әлі тұрмыс құрмаған Гауһар Әлімбековаға үйленгісі келетінін айтқан еді.
Ол кезде әнші БАҚ арқылы бұл ұсынысқа: «Базбіреулер секілді бай-бағландардың екінші әйелі немесе азаматтық некедегі ашынасы да бола алмайды екенмін. Өйткені ондай қылық менің табиғатыма жат» деп жауап қатқан.
«Ақ келін» әнімен қазақтың жүрегін жаулаған Гауһар Әлімбековаға осыған дейін, яғни 45 жасына дейін келін болу бұйырмай келген еді. Біз оған: «Бағың ашылсын, қазақтың ақ келіні!» дейміз.

Пікірлер