Былтыр дүниеден озған Батырхан Шүкеновтың ағасы Бауыржан Шүкенов әншінің жанкүйерлеріне өтініш жасады. Ол інісінің қазасына бір жыл толған күні ән айтпай, әруағына дұға бағыштауды өтінді. "Достар, егер Батырдың қазасына бір жыл толатын күні мешітке, шіркеуге, синагогаға барып, оған дұға етіп немесе оның өлеңдерін ақырын қойып, тыңдасаңыздар біз үшін сол миллион есе дұрыс болар еді, әрі біздің де жанымыз тыныш болар еді... Алматылықтар Кеңсайда құран оқып, оның қабырғасының жанында тұрса... Ал алаңдарда оның әндерін орындауға басқа да күн туар. Дұрыс түсініңіздер" деп жазды Бауыржан Шүкенов Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Сол күні кейбір өңірлерде талантты орындаушыны еске алу жоспарланып отырған көрінеді.
Еске сала кетейік, Батыр 29 сәуірде 53-ке қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні кезінде әншінің өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өтті.