Марқұм Батырхан Шүкеновтің азаматтық некедегі экс жұбайы Екатерина Шелякова 14 жастағы ұлы Мақсұтпен далада қалғанын хабарлауда, - деп жазады Baistars.kz dni.ru сайтына сілтеме жасап.
Шелякова Шүкеновтің отбасы оның заңгерімен кездесуге асықпайтынына шағымданды.
Подмосковьеде әншінің жері бар деген әңгіме де жалған. Шүкеновтің жары үшін жалғыз үміт - әншінің авторлық ақысына күн көру. Екатерина Батырханның анасы интеллектуалдық мүлікке құқықтың жартысынан бас тартуға дайын екенін, алайда нотариуста қажетті құжатқа әлі күнге дейін қол қойылмағанын алға тартты.
"Соның салдарынан біз ресейлік авторлық қоғам мен ресейлік құқық иелері одағынан ақша ала алмай отырмыз. Ол жерге мұраға құқымыз бар екенін растайтын құжат алып бару керек", - дейді Екатерина.
Екатерина Шелякованың Шүкеновтің АҚШ-тағы ұлы үшін салып бастаған үйін несиесі төленбей қалғаннан кейін тартып алғанын айтады. Ал әншінің мәйіті табылған Мәскеудегі бір бөлмелі пәтер жалға алынған екен.
Әншінің қазасынан кейін Екатерина Флоридадағы үй үшін құрылыс компаниясымен соттасқан.
"Валераға алғысым шексіз. Ол қашан да бізге хабарласуға уақыт табады. Батырдың досы Қанат Үскенов те жақсы көмектеседі", - әншінің достары алғыс білдірді әйелі.
"Батыр несиенің тек 160 мың долларын төлеп үлгерді. Ал қалған 460 мың доллар Катяның мойнына ілінді. Ол ондай ақша таба алмады, жер мен коттеджді тартып алды. Әйтеуір сот арқылы құйылған қаражаттың жартысын қайтара алды", - дейді әртістің жақын досы Олжас Байқанов.
2015 жылдың жазында Қазақстанда Батырхан Шүкеновтің атындағы қор құрылып, Астана мен Мәскеуде қайырымдылық концерттері де ұйымдастырылған болатын.
StarHit басылымына берген сұхбатында Екатерина концертке қатысқан қазақстандық және ресейлік әртістерге алғысын білдірді.
"Енді біз өзімізге жаңа бұрыш таба аламыз. "Пусть говорят" бағдараламасына да рахмет, олардың хабарынан кейін қорға қаражат түсе бастады", – дейді Шелякова.
Ол жақында мамыр айының басында құрбысының үйінен басқа пәтерге көшуге үміттеніп жүр.
Екатерина мен ұлы Мақсұт Батырдың өмірден қайтқанына әлі де сенбейді, ол тек гастрольдік сапарда жүргендей күй кешеміз дейді.
Әлішер Сүлейменов Батыр ұлы Мақсұт туылған кезді сағынышпен еске алады. Олар сәбидің атын ақылдасқанда «Оны Мақсұт деп атаймын, «көптен күткен, тілеп алған» деген ұғыммен деген екен марқұм Батыр.
Естеріңізге сала кетейік, әнші Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуірінде жүрек талмасынан қайтыс болған еді.