Гостиницы в Алматы
2016-04-27 12:26:03 58 0

Турнир кестесінде 4-орында тұрғанымен «Ордабасы» биыл ел чемпионатын ала-құла өткізіп жүр. Маусым басынан бері үш ойынды жеңсе, үшеуінде жеңіліп қалды. Тағы біреуінде тең түсті.

"Ел чемпионатын жақсы бастадық. Бірақ, әзірге команданың ойынында тұрақтылық болмай жатыр. Бірде ұтсақ, бірде ұтылып қалып жатырмыз. Алайда, әлі қорытынды шығаруға ерте. Маусым ұзақ. Біз міндетті түрде өзімізге тиесілі ұпайларды аламыз. Сондықтан, алаңдайтын дәнеңе жоқ. Алда бізді өз алаңымыздағы екі ойын күтіп тұр. Алдымен Ел кубогының аясында Қызылорданың "Қайсарын" қабылдаймыз. Міне, сол матчта өз мықтылығымызды жанкүйерлерімізге дәлелдеуіміз керек", - деді команданың бас бапкері Бақтияр Байсейітов Футбол Федерациясына берген сұхбатында.

Алдымен үздік алтылыққа еніп алуымыз керек деген бапкер биыл Еуропа лигасында жанкүйерлерді жасытпай, бұл турнирде де төрден көрінуге тырысатындықтарын жеткізді.

Пікір жазу