Гостиницы в Алматы
2016-04-29 20:24:52 55 0

Джиу-джитсудан әлем чемпионы баспанасыз қалуы мүмкін деп хабарлайды, - Baistars.kz .

Алматыда тұратын чемпионның көршісі түсінде спортшының үйі отқа оранып, өз моншасының өртенгенін көрген. Сол кезден батсап спортшының тынышы кете бастаған.

Көршісі тіпті сотқа талап-арыз да жазыпты. Енді Ядгар Касымов не үйін бұзу керек, не көршісінің қоршауынан алысырақ жылжу керек.

«Үйді толығымен реттейміз. Қазір шатырды жинап жатырмыз. Бізде таңдау жоқ: не бульдозермен сүреміз, не барлығын үлестіріп алып кетеміз», - дейді Ядгар Касымов.

Оқиға спортшы Бразиялияда джиу-джитсудан әлем чемпионы белбеуін қорғап жүргенде басталған. Ядгар Касымов жарыстан үйіне оралғанда оның коттеджін бульдозермен сүргелі жатқан сәттің үстінен түсіп, әзер тоқттатыпты. Сөйтсе, бәрі көршісінің жайсыз түсінің кесірінен екен.

«Көршім өзінің барлық түсі орындалатынына сенеді. Сондықтан біздің үй өртеніп, оның моншасын да қызыл жалын орайды деген ойдан арылар емес», - дейді спортшы.

Сотта спортшының көршісі жайсыз түсін ғана емес, оның қоршауының тым жақын екенін айтады. Негізі арасы 3 м болу керек екен, бұл екі көршінің қоршауының арасы 2,5 м. Ал спортшы тоғыз жыл бұрын құрылыс басталғанда, қашықтық стандарты мүлде басқа болғандығын алға тартады. Дегенмен бұған дейін бұл мәселе екі көршіні де толғандырмапты.

«Неге сол монша тұруы керек те, біздің үй тұрмауы керек? Сот шешімі неге моншаны сүруге шешім шығармады? Неге үй сүріліп, монша қалуы керек?! Біз көршімізге мүмкін деген барлық вариантты ұсындық: қоршауды үйімізден 60 см жоғары көтеретінімізді айттық. Бірақ сот шешімі үйдің ол жерде тұрмауын шешті», - деп кейіді Оксана Касымова.

Айтқандай, көршісінің моншасы, спортшының үйіне қарағанда қоршауға жақын тұр екен. Бірақ бұл еш ескерілмепті.

Пікір жазу