Белгілі тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркіттің жердің жалға беруіне қатысты айтқан пікіріне жауап қатты. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды. Журналист әншіге бүркіт ұқсап қалықта, қораз сияқты бос жүгірме деді. Серік Аббас-шах өз ойын өлеңмен жеткізіпті. Ол:
Қыран құссың, қырағысың, шиырлаған қиянды,
Төбедесің, елдің емес, жердің бетін жиі аңды.
Тойxана емес Жер-Анамыз, кім көрінген жалдайтын,
Ауып келсе, шибөрілер, қорғайды кім ұяңды?
Ел байлығы талан-тараж, бұл қазақтың соры аздай,
Ұрпағыңа қалдыр енді, Жер-ананың қоры азбай.
Бүркіт деген зор атың бар, самғасаңшы биікке,
Қанатыңмен жер сабалап, бос жүгірмей қораздай"-деп жазды.
Осыған дейін Бүркіттің инстаграмдағы парақшасында жер дауына қатысты жазбасын жариялағанбыз.