Танымал әнші Бүркіт жас кезінде қыздармен көп жүріп, оларды жылатқанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді.
Өзінің сымбатты екенін және мүсінінің өте жақсы екенін мойындаған Бүркітке журналистер оның қыздарға деген көзқарасы жайында сұрақ қойды.
"Менің ойымша адамға бір әйел жеткілікті. Мен әйелімнің көзіне шөп салмаймын. Ондай әрекетке барсам, екі баламның көзіне қалай қараймын. Оған уақытым да жоқ. "Қазақ байыса қатын алады" деген. Ондайды түсінбеймін", - деді ол.
"Жасырмаймын, жас кезімде қыздармен көп жүрдім. Жақсы бардым десем де болады. Бірақ, оның барлығы бойдаққа жарасады", - деген Бүркіт қыздарды көп жылатқанын да айтып қалды.