Гостиницы в Алматы
2016-05-03 16:20:45 46 0

Алматыда қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Baistars.kz.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен аламан бәйге ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналды.

Оңтүстік астананың үздік балуаны атағына шаһардың сегіз ауданынан жиналған 24 спортшы таласты. Тартысқа толы болған жарыстың финалында Виктор Демьяненко мен Бауыржан Қабай белдесті. Нәтижесінде 2016 жылғы «Алматы барысы» атағы Виктор Демьяненкоға бұйырды.

Спортшыны жеңісімен құттықтаймыз!

Пікір жазу