Гостиницы в Алматы
2016-09-11 04:41:53 89 0

11 қыркүйекке қараған түні Геннадий Головкин Лондонда өткен 36-шы жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады деп хабарлайды.

Қазақстандық боксшы Ұлыбритания жерінде алғаш рет жекпе-жегін өткізді. Лондондағы 23 мың адамға шақталған О2 аренасына боксшымыздың жекпе-жегін тамашалауға рекордтық адам саны жиналды.

Головкин бірінші раундтан-ақ өзінің басымдығын байқатты. Бесінші раундта Бруктің жаттықтырушысына жекпе-жекті амалсыз тоқтатуға тура келді.

Осылайша, WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукті (36-0, 25 КО) ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін шаттықа бөледі.

Айта кетерлігі, Геннадий Головкин секілді британдық боксшы да шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Ол осыған дейін бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген, IBF чемпиондық атағына ие. 36 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Ал Головкин жалпы саны 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Брук салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннен ауыр болып шыққан еді. Кездесу орта салмақ аясында өтетіндіктен, Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғауға тура келді.

Пікір жазу