Гостиницы в Алматы
2016-12-02 11:33:38 47 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес келесі жылдың жоспарымен бөлісті деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

— Головкин наурызда рингке шығатыны белгілі. Одан кейін маусымда Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Қыркүйек пен желтоқсанға да кездесулер жоспарлап отырмыз. Біз ойлаған, бұрын атап өткен адамдармен кездескені жақсы. Олай болмаса да, ол рингке шығады. Ол 34 жаста, — деді Санчес.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің 18 наурызда Нью-Йоркте Дэниел Джейкобспен жекпе-жекке шығатыны хабарланған еді. 

Пікір жазу