Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында Диана Шарапова ресейлік жұлдыз Сергей Зверевпен бірге "Новогодний бал" әнін шырқап, бейнебаян да түсірген болатын.
Екі аптадан соң аталмыш әнді «Аll Давай» тобы Шарапованың рұқсатынсыз айта бастаған.
"Ұрлығы" ашылған топ жігіттері Данияр мен Шоқан өз әрекеттерін еш түсіндіріп бере алмады, тек мұндай жағымсыз жайттың екінші рет қайталанбайтынын айтып құтылды.
Ал Диана Шарапова бұл іске қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Әнші қазір жаңа бейнебаянның жұмыстарымен қарбаласып жүрген көрінеді.
Сот ісіне заңгерлер араласқандықтан, бірінші сот отырысынан кейін әнші істің қалай өрбігенін айтуға уәде берді.