ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев "легионерлер жалақысын ретке келтіру қажет" деді.
Парламент Мәжілісінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен үкімет сағаты өтті.
"Министр өте дұрыс айтты. Біз спорт объектілерін көбірек салатын боламыз. Және оған түрмелер аз салынатынын қосқым келеді. Өкінішке орай, біздің кей шенеуніктерге жәй ғана жерге түсу керек. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сіздер қандай білім мекемелері мен спорт залдарын айтып отырсыздар? Біздерге қызметтік кабинет пен көліктен түсіп, шынайы өмірді көру керек" , - деді Тінікеев өз сөзінде.
"Тағы айтқым келетіні, -деп жалғады депутат өз сөзін. Кеше бізде Қазақстан чемпионаты аяқталды. 350-ден астап қатысушы болды. Бұған дейін бір апта бұрын Қарағанды облысында Nomad ММА чемпионаты өтті. Оған мемлекеттен ешқандай қолдау болған жоқ. Басқа спорт түрлерін алып қарайықшы. Аршавиннің жалақысы миллион доллардан жоғары. Ойлаңызшы, жылына милиионнан жоғары. Айына 30 мың доллар жалақы алатын легионерлер бар. Бізге осындай футбол керек бе? Жалпы осындай спорт керек пе, жоқ па бізге? Ішінде жалғыз қазақстандық бас менеджер Слава Тихоненко ғана, қалғандары легионерлер. Олай болса бізге балалар спортына ақша бөлу, баскетбол, мұның бәрі не үшін керек?" , - деді Тінікеев.

Пікірлер