Жақын арада ғана «Top Ten Music Awards» шарасында «Азияның Ең танымал әншісі» марапатына ие болған Димаш Құдайберген енді «17th TOP Chinese music awards» шарасында «Ең танымал халықаралық танымал әнші» жүлдесіне ие болды. Үш айдың ішінде екі бірдей жүлдеге ие болған Димаш, әлемнің түпкір-түпкірінен өзіне көрермен жинап, өзін мойындата білді. Бұл жайында әншінің досы, продюсері Алпамыс Шәрімов өз парақшасында жария етті.
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің ірі қалаларының бірі Нью Йорктағы Тайм Скверде ең үлкен басты лэд дисплейге «I am singer» жобасының финалисті Димаш Құдайбергеннің суреті ілінген еді. 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласы әлемдік жанкүйерлерінің ықпалымен 60 млн.ға жуық дауыс жинап, Американың төрінде суреті миллиондарға жария болған!