Гостиницы в Алматы
2017-04-10 17:53:24 100 0

2002 жылдан бері өткізіп келе жатқан «Новая волна» халықаралық байқауына биыл елімізден Рүстем Жүгінісов қатысатын болды. Бұл жайында жас әнші өзінің парақшасында баян етті.

«Сүйінші!!! Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен "Новая ВОЛНА"-2017 xалықаралық ән байқауының финалисті атандым!!! Мәскеуге кетіп қалғанымды айтпағаныма айып етпеңіздер. Тосын сый жасаймын деп ойладым.  Арманым орындалып, міне, бүгін өздеріңізбен бөлісіп отырмын.

Игорь Крутой ағамыз ақ жол тілеп, батасын берді.

Жақсы жаңалығымыз көп болғай!!!»- деді Рүстем.

«Новая волна – 2017» байқауының финалы Сочиде қыркүйек айының 8-15 аралығында өтеді.

Рүстем Жүгінісов еліміздегі «Ағайынды Жүгінісовтер» тобының мүшесі. Ол 1995 жылы 4 наурызда БҚО Орал қаласында дүниеге келген. Топ  «Нағыз махаббат», «Уақыт», «Жаңа жыл», «Әдемі қыз», «Мама», «Шын жүректен» секілді әндерімен көпшілікке танымал

Пікір жазу