Гостиницы в Алматы
2017-04-13 16:01:07 12 0

Жуырда ғана лақап атын "QAZAQ" деп өзгерткен былғары қолғап шебері Қанат Ислам келесі кездесуге дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл жайында  vesti.kz  хабарлады.

    Отандасымыз келесі жекпе-жегіне дайындықтарын жалғастыру үшін бүгін таңда АҚШ-қа жол тартты. Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионының PR менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, Қанат Ислам келесі кездесуіне Майами қаласында дайындалады. Ал оның қарсыласы бір аптаның ішінде белгілі болады екен.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 18 ақпан күні АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында өткізіп, бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Келесі кездесуін ол мамыр айына жоспарлап отыр. Сол кездесуден кейін боксшымыз елге оралып, 9 қыркүйекте Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде ол  Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі  үшін           жекпе-жек    өткізуі            мүмкін.

Пікір жазу