"Менің қызым Айгерім Тутова 1 жасқа толғанда қатты ауырып, реанимацияға түскен. Баланың ауырғанын басу үшін гентамицин екпелерінің шамадан тыс берілуіне байланысты, баланың құлағына әсер еткен. Кейін 1 жасынан бастап құлағы естімей қалған болатын. Бала дұрыс сөйлей алмады. Содан 6 жасынан бастап есту жүйесіне көмек беретін аппарат киіп жүріп, мектепте барды. Өзінің қатарластарына кемдеу оқып жүрді, бірақ қалыспады. Кейін 17 жасқа келгенде бір құлағы 100% мүлдем естімей қалды. Одан кейін үлкен операция жасалынып, кохлеарды имплант орнаттық. Миға электроттар орнатылды. Содан қызым 1 жыл бойы есту қабілетін дамытумен шұғылданды. Соның арқасында жақсы естіп кетіп, даладағы шымшықтардың дауысына шейін ести бастады. Кейін оның музыкаға құштар екенін, ыңылдап ән айтып жүргенін байқайтынбыз.
Былтырғы өткен кохлеарды имплант жасалған балалар арасында халықаралық ән байқауында қазақстандық бір қыз қатысып келген екен. Соны көріп бір күні өзінің инстаграмына ән айтқан видеосын салып қойған болатын. Видеоны байқаған адамдар шетелдік фестивальдің Қазақстандағы өкілі "Medeli" компаниясына кохлеарды имплант жасалған баланың естіп кеткенін, ән айталатыны туралы хабардар болып, қызыммен және менімен хабарласты. Содан тілдесіп, сөйлесіп болғаннан олар бізге виза ашып, Польшада өтетін бүкіләлемдік ән фестиваліне қатысыңыздар деп шақырды. Өз студияларына апарып, ән жаздырдып, сол ән арқылы 10-16 шілде аралығында өткен Варшава қаласындағы фестивальге қатысып келдік. Бүкіл әлемнен 100 баланың ішінде 32 бала іріктеуден өтіп, соның ішінде Қазақстаннан 4 бала барып, екеуі өтті. Кейін қорытынды бойынша қатысушылар арасында 10 бала лауреат атанды. Сөйтіп гала-концертке қатысып, менің қызым да лауреат атанды.
Осындай жетістіктеріміз бар деп қуанып отырмыз. Мен біреуден қызымды мүгедек екен ғой дегенді естігім келмейді. Керісінше, міне жетістік деп осыны айт, естімейтін, сөйлей алмайтын бала осындай жетістікке жетіп отыр деген көңілді ақпарат жеткізгім келеді. Ата-аналарға мұңаймаңдар, алдарыңа мақсат қойып, сол мақсатқа жетіңдер. Міне біз осы қуанышқа жетіп отырмыз деп айтқым келеді. Менің мақсатым сол болып отыр.
Осындай хәлдегі балалардың бағып-қағу, үлкен жетістіктерге жеткізу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ата-аналарға мұңаймаңыздар, өз балаларыңыз үшін өкінбеңіздер, намыстанбаңыздар. Керісінше тіреу болыңыздар, қолдаңыздар, әрдайым шаршамай демеу берсеңіздер, үлкен жетістіктерге жетесіздер дегім келеді," - дейді Гүлшәт Тутова.
Варшавадағы фестивальдан кейін Айгерім Тутова Санкт-Петербургтағы ән фестиваліне жолдама алған.
Варшавадағы фестивальдың толық видеосы: