Астанада алғаш рет теннистен «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Жарыс спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше санат бойынша өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Елордада алғаш рет «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық жарысы ұйымдастырылды. Жарыс 3 санат: «Қызыл доп», «Сарғылт доп» және «Жасыл доп» бойынша өткізілді. Бұл жарыста спортшылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Сонысымен ерекше. Бүгін жарыстың жеңімпаздары белгілі болып отыр», - деді ол.
Республикалық теннис турниріне еліміздің барлық өңірінің жас спортшылары қатысты. Алайда үздік үштікке тек Астана мен Шымкент қалаларының теннисшілері енді.
1-ші орын: Жанель Оспанова, Ілияс Маратұлы (Астана);
2-ші орын: Әдемі Амангелді (Шымкент), Куфельт Вячеслав (Астана);
3-ші орын: Әділет Сауат, Қарақат Қойлыбаева (Шымкент);
Аталмыш турнир елімізде теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 28 қазанда басталған дода бүгін аяқталды.