Гостиницы в Алматы
2016-12-21 17:48:27 27 0

Танымал боксшы, экс-әлем чемпионы Рой Джонс Қарағанды қаласына келді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Майами қаласынан ұшып келген боксшы Қарағандының суығына тоңып, әуежайдан тікелей қаладағы сауда орталықтарының біріне барып, өзіне қалың киімдер сатып алды деп мәлімдеді Рой Джонсты Қазақстанға шақырғандардың бірі Нұрғазы Жарылғапов.

"Рой Джонс өзіне қалың киімдерді әлемдік брендтерден сатып алды. Танымал спортшы Қарағандының орталық көшесімен жүріп өтті. Жол-жөнекей жанкүйерлермен суретке түсіп те үлгерді. Сондай-ақ, жергілікті шенеуніктермен де кездесті. Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы Садреддин Ахметовке сыйлық ретінде бокс қолғабына өзінің қолын қойып берді. Сосын ол Қарағандыда сатып алған киімдерімен Астана қаласына аттанып кетті",-деді Нұрғазы Жарылғапов.

Рой Джонстың бұл Қазақстанға екінші рет келуі.

 

Рой Джонс

Пікір жазу