Кинофестивальға 23 фильм және конкурстан тыс бес жұмыс қатысты. Бұл фестивальдің негіз міндетті - кино саласындағы жаңа жұлдыздармен танысу, шығармашыл жастар мен қазақстандық кино кәсіпқойлары шоғырланған алаңға айналдыру.
Үзіліс кезінде танымал режиссерлар Қанат Бейсекеев, Медет Шаяхметов, Олжас Бейловтардың шеберлік сыныптары өткізілді.
«Түрлі тақырыптар ұсынылған. Ұйымдастырушы ретінде жастардың әртүрлі тақырыпта кино түсіретіні қуантады деп айта аламын»,- деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы, белгілі қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов.
Фестивальдің қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімімен Роман Гусак «Үздік оператор», Қазбек Рүстембеков «Үздік режиссер» атанды. «Үздік сценарий» номинациясы Олжас Тайгеловке бұйырды, «Үздік әйелдер рөлін» Толғанай Талғат, «Үздік ерлер рөлін» Ақмолда Дулыға сомдады, «Көрермендер көзайымы» сыйлығы Самғар Рақымға берілді. Режиссер Дархан Төлегенов «Маршрут» фильмімен Гран-при иеленді.