Бұл туралы ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.
Оның айтуынша, желіге тарап кеткен бұл сурет бұдан 6-7 жыл бұрын түсірілген.
"Кейде өз білместігімізден қастандық жасайтын кездеріміз болады. Сүттен ақ, судан тазамын деп айтпаймын. Кеседен басқаға ернім тимеди деп те айта алмаймын", - деген ол суреттегі жігіттің өзі екенін ұғындырды.
Дегенмен, ол өзінің осындай сәттерін желіге жүктеген адамдарға да өкпелі екенін жасырмады.
"Ақсап қалған, сүрініп, шалынып қалған жерлерді табалауға ыңғайлы ғой. Өмірдің өзі сабақ, оны қайталамауға тырысамыз", - деді ол.
Естеріңізге салсақ, желіде Төреғали Төреәлінің мас күйіндегі суреті тарап кетіп, желі қолданушыларын дүрліктірген болатын.