Гостиницы в Алматы
2016-12-16 07:37:16 69 0

Шымкентте «Нұртас Оңдасынов» атты толықметражды деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алматыфильм» киностудиясымен бірлесе отырып шығарған, деп хабарлайды Baq.kz.

Фильмнің басты кейіпкері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904-1989жж.) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған жылдары Қазақстанның экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.

Нұртас Оңдасынұлы еліміздің біртуар азаматтарына қолдау көрсетті, атап айтсақ, Д.Қонаевқа саясатта, Қ.Сатпаевқа ғылымда, Х.Наурызбаевқа және тағы басқа.

Зейнеткерлікке шыққан соң Н.Оңдасынов Мәскеуде тұрып, өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысты, лингвистика мен шығыстану саласында он томдық ғылыми еңбектер жазды.

Фильмнің тұсаукесеріне Нұртас Оңдасыновтың туыстары, Еңбек ардагерлері және Оңтүстік Қазақстанның жастары қатысты.

 

Пікір жазу