16 мамырда Short Film Corner секциясы бойынша фильмдер көрерменге жол тартады.
« Ақ орхидея қонақ үйі» («The White Orchid Hotel»)
Сценарий авторы және режиссері Жаннат Алшанова. Жанры - драма, хронометражы – 10 минут. Продюсері – Катерина Забулонская, оператор – Эмир Тургул, музыкасын жазған – Фиби Гаррат. Рөлдерде: Зелина Ребейро и Дрина Павлович.
Синопсис: ауыр естеліктерге толы оқиға қонақ үйде болады. Анасы қайтыс болғаннан кейін Джейн басынан өткен қиын сәттерді ұмыту үшін қонақ үйге қайта келеді.
«Туған» («Tugan»)
Режиссер – Айдос Сейтжан, сценарий авторлары – Айдос Сейтжан мен Батырбек Үрістембеков. Жанры – драма, хронометражы – 19 минут. Композиторлері – Олжас Байбеков, Ертай Бәкіров. Рөлдерде: Айя Майр, Арайлым Берік.
Фильмде туғанында ауысып кеткен балаларын ауыстыру үшін жас отбасының ауылға баруы жайлы баяндалады.
«Ит өмір» («Sobachya zhyzn»).
Режиссер Ахан Нұрасылов, сценарийді жазған Еркебұлан Тасынов. Жанры – драма, хронометражы – 19 минут. Басты рөлдерде: Төлепберген Байсақалов, Дмитрий Пучков, Данияр Ибрагимов.
Сюжетте сатқындық оқиғасы суреттеледі.
«Д секторы» («Sector D»).
Режиссер Эльдар Шибанов, сценарийді жазған – Юлия Левицкая. Жанр – фантастика, триллер. Хронометражы – 19 минут. Рөлдерде: Александр Москалев, Александр Медведев, Дмитрий Богатчев.
Вал – биоинженер және армия лейтенанты. Жұмыс барысында құпия зерттеу жұмыстарын жасаймын деп, өзі ғылыми тәжірибенің құрбаны болып кетеді.
«Дұшпандар» («Vragi»)
Режиссер Олжас Ермекбаев. Жанры – драма, хронометражы – 8 минут.
Кәсіпкерлікте достық жоқ. Не достық, не ақшаны таңдайтын уақыт келеді. Фильм М.Горькийдің «Враги» пьесасының желісімен түсірілген.
«Қаттырақ қағыңыз» («Stuchite Gromche»)
Режиссер және автор сценарийі Малик Зенгер, музыкасын жазған – Эмиль Досов, Арсен Оганесов.Әртістер: Малик Зенгер, Мия Цой, Дәрмен Садықов, Жандарбек Садырбаев, Жанар Байдаулетова.
Әжесінін пәтерінде тұратын жалғыз және бақытсыз жігіт ақша табу үшін көршілерінің балаларына күтуші болып жұмысқа орналасады. Қамқорлығындағылармен покер ойнағанда балалар ұтылып қалып, өмірі одан әрі нашарлай түседі. Бірақ, оның өміріне нағыз сұмдық біреу есік қаққанда келеді...
«Бір қадам алға»
Режиссер және сценарий авторы Санжар Бекжанов. Жанры-қиял-ғажайып, драма, хронометраж- 12минут. Басты рөлді сомдаушы: Санжар Бекжанов.
Жігіт өмірін есік пен терезе жоқ бөлмеде өткізеді. Бір жолы, ол бөлмедегі жабдықтарды өзгертпекші болып, кездейсоқ есік тауып алады. Есікті ашса, алдында тек қара кеңістікті көреді. Шынайлыққа жету үшін тәуекел еткен ол, бекер қадам жасады ма?
«Арнольд Ата»
Режиссері Анатолий Ким. Жанры -драма, комедия, хронометражы -13минут. Әртістер: Джо Блут, Альфред Розенблатт, Летиция Перес.
Әжесінің өлімінен кейін Кевин жазғы демалысын атасымен бірге шағын қызықсыз қалада өткізуге мәжбүр. Кевин көрші тұратын қызға ғашық болып, уақыт өте келе атасы мен ара-қатынасы жақсара түседі.
«Жер-Ана»
Режиссері Бану Рамазанова. Әуенін жазған Қуат Шілдебаев. Жанры - драма, хронометраж- 19минут. Рөлдерде: Нұржігіт Рүстембек, Жұлдыз Ерболат.
Отбасы туған ауылдарна аттанады. Жолда қазір туған ауылдарының жоқтығын айтып, ағасы мен қарындасы дауласады. Тиісті орынға келгенде олар қирап, жаңа егінге жыртылған жерді көреді.
«Аялдама»
Режиссер Диас Құлмақов, сцерарий авторлары Диас Құлмақов пен Қолғанат Мұрат. Жанры - жастарға арналған туынды, хронометражы-18 минут. Фильмде ойнағандар: Ару Қожаш, Асланби Медеулов, Ержан Сериков, Байсейіт Құлдыбаев, Бахыт Намазбай.
Жігіт алғаш рет қобалжу сезімін бастан өткереді. Бұл күні ол әкесімен қой айдауға шығады. Содан кейін қарт атаның үйіне барып, үй иесінің немересімен танысады. Жігіт ол қызды ұмыта алмайды.
«Трагиометрия»
Режиссері Татьяна Ким. Әуенін жазған Сергей Стерн. Жанры -комедия, қылмыстық драма. Басты рөлдерде: Клэйтен Немроу, Себастьян Кадлечик, Анатолий Огай, Мари Клэр Гарсиа.
Туындыдағы көріністер 19 ғасырды бейнелейді. Альберт атты табыт жасаушы жігіт алып ұйқыдан оянған еркекті тауып алады. Өлімнен аман қалған еркек тірі қалғанына мүлдем көнілі толмағаны жерлеу жұмысшысын таңғалдырған. Ол Альберттен шіміркпестен өзін өлтіруге көмектесуін сұрайды.
Суреттер және ақпарат brod.kz сайтынан алынды