Гостиницы в Алматы
2016-05-19 19:18:13 226 0

Қазақстандық жұлдыздар БАҚ-да жарияланған өнерпаздар салық төлеуден жалтартты деген ақпараттарға өз пікірлерін білдірді. Кей әртістердің сөзі бойынша, бұл ақпарат жалған, еш дәлелсіз айтылған айып екен, деп хабарлайды Today.kz.

"Бұл жаңалық барып тұрған өтірік. Олар (мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері) осынша сумма қаражат таппайтындарың туралы құжаттар әкеліңдер дейді. Мен ешқандай құжат көрсетпеймін. Бірінші олар менің 45 млн тапқанымды дәлелдейтін барлық құжаттарды көрсетсін. Сосын барып осындай шешімдерін қабылдасын", - деп айтты әнші Жанар Дұғалова.

Ал қазақстандық әнші Бүркіт олардың салық төлеу туралы құжаттар дұрыстап зерттелмеген дейді. Әншіге өзінің табыстары туралы Forbes-те жазылған мәліметтер ұнамаған көрінеді.

"Неге мені еш салық төлемейді деп айып тағады. Мен бұны түсінбедім. Өзімнің жеке кәсіпкерлігім бар. Мен кәдімгі жұмыскер адамдар қатарлы салық төлеймін. Forbes басылымы менің орташа алғандағы табыстарым 180 млн болатыны туралы ақпаратты қайдан алатыны туралы мені қызықтырады. Бұның бәрі таза өтірік", - деді Бүркіт.

"С чего вдруг взяли, что я не плачу налоги, мне не понятно. У меня есть ИП, я плачу налоги как все нормальные деловые люди. Мне интересно, откуда у Forbes информация о том, что мой среднегодовой доход составляет 180 миллионов тенге. Это все неправда", - возмутился Беркут.

Ал Әли Оқапов болса, бұл ақпарат туралы еш пікір білдірмеуді шешті. Әнші өзінің жеке кәсіпкерлігі бар ма және салық төлей ме екенідігі туралы сұрақтар жауап қатпады.

Еске сала кетейік, Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемейтін жұлдыздардың тізімін жасады.

МКД мәліметінше, тізімде Асхат Тарғынов, Әлішер Кәрімов, Дильназ Ахмадиева, Бақтияр Мәмедов (Jah Khalib), Әли Оқапов, Серік Ибрагимов пен Жанар Дұғалова бар. "Яғни, олар үлкен табыс табатындарына қарамастан, салық төлемеген", - делінген хабарламада. Салық органдарының қызметкерлері жұлдыздардың кірісі туралы ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге сүйеніп, осындай қорытындыға келді.

Пікір жазу