WBA (Super), IBO, IBF жəне WBC (Interim) тұжырымдары бойынша əлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екі раундта нокаутқа түсірсе, Қанат Ислам АҚШ-тың Лейкленд қаласында өткен бокс кешінде колумбиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Қанат бұл жолы 10 раундқа жоспарланған жекпе-жекті алтыншы раундта аяқтады. Ол 28 жастағы Хуан де Анхельден айласын асыра алды. Əзірге Қанат чемпиондық белбеу тұрмақ, 12 раундқа арналған жекпе-жекке шығып көрген жоқ. Сондықтан жерлесіміз жақын арада кəсіпқой бокс əлемінде өзін танытқысы келсе, чемпиондармен кездесу жөнінде келіссөз жүргізу керек.
Жалпы, кəсіпқой бокста IBF, WBC, WBA, WBO атты негізгі төрт белбеу бар. Сондай-ақ, «The Ring» журналының тұжырымын осы қатарға қосуға болады.
Қанат əзірге 154 фунтта (69,9 келі) бокстасып жүр. Бұл салмақта WBA тұжырымы бойынша белбеу кубалық Эрисланди Лараға тиесілі. Əуесқой бокста да біраз белесті бағындырған Лара 21 мамыр күні Лас-Вегаста АҚШ боксшысы Ванес Мартиросянмен кездеседі. Бəлкім, Қанаттың промоутерлері келіссөзді сəтті жүргізе алса, кубалық боксшымен келесі жылы жолығуға мүмкіндігі бар. Негізінен Лараның белбеуіне басты үміткер ретінде неміс боксшысы Джек Кулкай саналады.
154 фунт бойынша IBF белбеуі Джермалл Чарлода болса, WBO титулына ағылшын Лиам Смит иелік етеді. Ал WBC мен «The Ring» журналының белбеуі əзірге бос тұр.
Қанат бірінші орта салмақта төрт маңызды тұжырымның ең кемі біреуіне қол жеткізуді ойласа, жоғарыда аталған боксшылармен кездесуі тиіс. Шаршы алаңда 20-дан астам кездесу өткізген боксшы енді уақытты көп соза бермей, чемпиондық белбеуге таласуды ойластырғаны жөн. Əйтпесе, спорттағы карьера тез өте шығады. Бойда күш-қуат бар кезде мүмкіндікті жібермеген дұрыс екенін тағы бір мəрте еске саламыз. Əзірге Қанатта WBA бойынша Латын жəне Кариб аймағы бойынша чемпион деген белбеу бар. Бұл интерим-чемпиондықтан да, IBO мен IBAчемпиондығынан да төмен саналады.
Ал енді орта салмақ 72,6 келіде, яғни 160 фунттағы чемпиондық белбеулерге келсек. Бұл салмақта үш чемпион бар. Еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойын-ша Super чемпион, сондай-ақ, IBO тұжыры IBF титулдарына да иелік етеді. WBC белбеуін былтырғы жылы Мигель Коттодан мексикалық Сауль Альварес тартып алған болатын. Ол жақында Британия боксшысы Амир Ханмен кездесіп, титулын алғаш рет қорғады. Бұл тұжырым бойынша уақытша чемпион (Interim) Геннадий Головкин болғандықтан, «Канело» алдағы уақытта жерлесімізбен кездесуі тиіс. Немесе белбеуін қайтарып беруі керек.
Сауль өзінің 7 мамыр күні өткен жекпе-жегінен кейінгі сұхбатында: «Мен Головкинді Мексикаға шақырамын. Мықты болсаң сол жақта кездесейік. Мен ешкімнен қорықпаймын. Мексикада кездесіп көрейік», –деп мəлімдеген болатын. Өз кезегінде Головкин «Канеломен» жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Енді бұл жекпе-жек қыркүйек айында өтетін болса, «жылдың үздік кездесуі» болары анық. Шыны керек, Геннадий əзірге Альварестің деңгейіндегі боксшымен жолығып көрген емес.
Ал WBO белбеуін 2015 жылы Манчестерде өткен кездесуде ирландиялық Энди Лиден ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс тартып алған болатын. Шаршы алаңда 23 кездесу өткізіп, əзірге жеңілмеген Сондерс Головкин алты миллион ұсынса, тап қазір шығуға дайын екенін айтқан. Ұзақ уақыт бойы бокс мамандары Энди Ли қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкін екенін айтып келген еді. Алайда Энди жеңіліс тапқаннан кейін бұл жекпе-жектің жуық арада бола қоймайтыны анық. Ал Сондерс Генамен жұдырықтасуға соншама талпынып тұрған жоқ. «Мен енді ғана чемпион атандым. Əзірге Головкин сияқты деңгейі жоғары боксшымен кездесуге дайын емеспін. Алайда бұл шешімімді өзгерте аламын. Егер Головкиннің командасы 6 миллион доллар ұсынатын болса», – дейді британдық боксшы. «Головкин – əлемнің үздік боксшысы. Сондықтан өзімізді өтірік алдамай-ақ қояйық. Мен əлем чемпионы атандым. Бірақ бұл дəл қазір рингке шығып, Головкинді жеңетініме кепіл бола алмайды. Өйткені бұл боксшының деңгейі жоғары. Ол үлкен жекпе-жектерді күтіп жүр. Əсіресе, Канеломен кездескісі келеді. Мен əзірге үйренудемін», – дейді WBO тұжырымының чемпионы ағынан жарылып. Алайда тап қазір жақсы ақша төленсе, бəріне де дайын екенін жасырмайды.
Ал Гена өзі Альвареспен кездесу болмай қалса, Дэнни Джейкобспен (31-1, 28 КО) шаршы алаңда кездескісі келетінін айтты. «Маған осындай жекпе-жектер ұнайды. Дэнни Джейкобс өте мықты боксшы. Ол чемпиондыққа лайық боксшы. Жалпы, мен барлық чемпионды құрметтеймін», – дейді ол.
Міне, 154 жəне 160 фунттағы чемпиондар жəне үміткерлер осы боксшылар. Қанат пен Гена біріншіжəне орта салмақтағы барлық белбеулерді жеңіп алуды көздесе, аталған боксшылармен жолығуға тура келеді.
Бек ТӨЛЕУОВ
Ақпарат: "Жас Өркен" танымдық порталы