Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев GBC (Global Boxing Council) тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғады, - деп хабарлайды Baistars.kz .
32 жастағы қазақстандық боксшы венгриялық 37 жастағы спортшы Габор Халаспен Германияда кездескен болатын. Ақбербаев қарсыласын жетінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Иса Ақбербаевтің бұл кәсіпқой бокстағы 17-ші жекпе-жегі. Ол бұған дейінгі кездесулерінің барлығында жеңіске жеткен.