Қазақ эстрадасында тағы бір ұрлық әшкере болды. Лұқпан Жолдасовтың концертінде әнші Қайрат Нұртас сазгерге жаңа "Туған күн" деген ән тарту еткен. Алайда бұл әнді тыңдарман қауым "Арай" тобының орындауындағы "Күнім" әніне ұқсатты.
"Туған күн" әнінің сөзін Құрманай Бақтиярқызы жазса, әні қырғыз сазгері Нұрлан Нəсіпке тиесілі екен. Ал арайлық жігіттер "Күнім" әнін келісім-шарт арқылы Нұрлан Нəсіптен алғанын айтады. Қырғыз сазгері бір әнін қазақ эстрадасындағы екі бірдей орындаушыға берген сыңайлы.